КЕШІР

lat: KESHİR /56/

ет. Айыбын кешу, кешірім ету.

Кешіріңдер, туыстар, кешіріңдер, ағайын,

Өркөкірек бейбаққа өкпеледің талайың (2,239).

Туған халқым! Қатемді кешір менің!

Сенің арқаң сескенбей есіргенім.

Егер де жырың болмай, ұрың болсам,

Алақанға саласың несін мені? (3,39).